Жұпынылық

lat: Jupynylyq

зат есім. Қарапайымдылық, сүреңсіздік. Орта бойлы аққұба, өңінің солғындығына, киім киінісінің ж ұ п ы н ы л ы ғ ы н а қарап, орта жастағы кісіге балағанымыз болса да, сөйлесе келе күшіне сенген адамның қимылын аңғардық (Ж.Арыстанов, Естен кетп.). Ол жылдары киімнің ж ұ п ы н ы л ы ғ ы пролетариат студенттері үшін қасиетті бір белгі саналатын (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Мүмкін, киімнің ж ұ п ы н ы л ы ғ ы н а күлген шығар деп едім, олардың өз үстері де ұқсап тұрған жоқ екен (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).