Жұқа баспахана қағазы

lat: Juqa baspahana qaǵazy

шағын пішімі, бірақ мәтіні көп сөздіктерді, анықтамаларды және басқа кітаптарды басуға арналған. Фабрикалар қағаздың екі: А және Б маркаларын шығарды. Бұлардың беттерінің көлемі 60x90, 70x90, 70x108, 84x108 сантиметр ғана болады. Талшығына қарай құрамы А маркалы қағаз 100% ақталған целлюлоза; Б маркасының ақтығы - 80%-дан аспайтын ақталған целлюлоза мен кемінде 20% сүрек массасы. Бұл екі маркалы қағаздың 1 шаршы метрінің салмағы - 40 және 50 грамм.