Жұқалау

lat: Juqalaý

сын есім. 1. Жұқарақ, жұқалаңдау, жұқалтақ. Өтінем, көңіл қойып танысыңыз! деп ж ұ қ а л а у сұр папканы Павлов Оразалиевке ұсынды (Е.Оразақов, Дәрігер.). Ж ұ қ а л а у қардың үстімен қойларды айдап жолға салып, Болат мал фермасына келді (А.Сарбөпин, Аспалы бесік). Василий, менің байқауымша, мұз әлі ж ұ қ а л а у, жүгі бар машинаға қауіпті ме деп ойлаймын (Қ.Қамбаров, Алтай.). 2. ауыспалы мағына. Арықша, жұқалаң, ашаң, қағілездеу. Бригадирдің ж ұ қ а л а у беттері сәл бүлк етті де маржандай тізілген ақ тістері көрінді (Ә.Нұршайықов, Жомарт.) Айбас ж ұ қ а л а у келген сіріңке қара жігіт еді (Р.Райымқұлов, Қыз айна). Мұхамбек председательдің ақсары ж ұ қ а л а у, ашаң жүзіне күлімсірей қарады (Б.Тоқтаров, Қыран.).