Жұқалаң, жұқалтаң, жұқалтым, жұқалтай, жұқалтақ, жұқалтақтау, жұқалау, жұқалаңдау

lat: Juqalań, juqaltań, juqaltym, juqaltaı, juqaltaq, juqaltaqtaý, juqalaý, juqalańdaý

Жұқа келген, жұп-жұқа ғана.

Қалпақ, кебенек, жайнамаз сияқты жұқалаң келетін киіздерді әртүрлі өрнек жасау үшін кейін қайшымен оюлап, кесілетіндей етіп жасайды, мұны талдырма дейді (С. Қасиманов).

Әкесінің үйінен жайырақ шыққан Нағымның киімі жұқалтаң болатын (А. Жүнісов).

Кейде мұздың жаңадан қатқан жұқалтым кемері омырылып кетеді (Ә. Сәрсенбаев).

Алдымызда жатқан жұқалтай ғана қоңырқай кітапша (М. Қаратаев).

Жеңіл шана жұқалтаң қардың бетімен сырғып келеді (С. Сарғасқаев).

Көп ортасынан жұқалтақтау егде адам көтерілді (Ө. Қанахин).

Орынбасар одан гөрі қысқарақ, одан гөрі жұқалау көйлек киіп көрінді (Ж. Молдағалиев).

Жұқалаңдау келген орта бойлы жас келіншектің қай уақытта болса да көңілді жүргенін көресің (Қ. Сатаева).