Жұқтыру

lat: Juqtyrý

Жұқтыр етістігінің қимыл атауы, тарату, жұққызу. Қыстан шыққан социстердің тіршілікке бейімділігі екі түрлі жолмен анықталды: лабораториялық жағдайда өсіру және бұзауға ж ұ қ т ы р у (С.Сыбанбаев, Сиыр кокцид.). Күйреуік сезімнің анасы әлсіздік, өз күшіне сенбеушілік. Оны бойға ж ұ қ т ы р у да қаза (М.Иманжанов, Алғашқы.).