зат есім. Бұрынғыдан қалған белгі, қалдық, жәдігер. Ескі мәдениеттің есіл қымбат ж ұ р н а ғ ы бет-аузы айғыздалып, сырсылауы көшіп, бұрыштары жеміріліп, құбыла жағы толықсып, жантайып, мұнараларының қабырғасы шатынап, құлауға таянған екен (Ж.Аймауытов, Шығ.). Біздің басып отырған “Қарасай-Қазиымыз” ұзақ сөзден қалған бір ж ұ р н а қ (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Зәбираның сол бір қайғылы оқиғасынан кейін мен оны екі жылдан соң көрдім. Баяғы батылдықтан, еркіндік пен өжеттіктен ж ұ р н а қ та қалмапты (Б.Момышұлы, Шығ.).