қазақтың халықтық-мекендік, тектестік-тұтастықты білдіретін байырғы әлеуметтік ұғымы. Ол «халық» сөзімен мағыналас айтылады. Ежелгі мұраларда «алаң жұрт», «астана жұрты», «қара жұрт» деген тіркестер ұшырасады. Алаш, жәдит кезеңі сөздік қорында кездеседі. Сол уақыттың баспасөзінен «жұртта қалған», «жұрт айтты», «жұртта жоқ» т.б. тіркестерді байқауға болады. Түрік халқы жәдитшілері «Түрік жұрты» т.б. атаумен газет-журнал шығарды.