зат есім. Ауа райының қолайсыздығынан болатын экономикалық күйзеліс, апат; жазғы қуаңшылық пен қатты қыстан аштыққа ұшыраушылық, ашаршылық. Партия біржақты емес: бұ да ж ұ т сияқты неше ағайынды, көп жақты боп араласты (М.Әуезов,Шығ.). Биыл ж ұ т болады деп, күн бұрын есепшілер де айтқан, шөптің шығысы жаман, серейген-серейген еркек шөп, бұйдай бас, көде, боз қаптап кетті (Ж.Аймауытов,Шығ.). Бар ойлағаны малды ойда жоқта айналып соғатын «ж ұ т» деген пәледен аман алып қалудың тәсілі еді (Т.Ахтанов, Таңд.).