Жұт

lat: Jut

етістік. 1. Асты өңеш арқылы өткізу, қылғыту. Әкемізді сағынып, Хабар күтіп майданнан. Отырушы ек табынып, Бір-бір ж ұ т ы п айраннан (М.Мақатаев, Шығ.). Қашағанға шөп ж ұ т қ ы з б а й, бас салатын оңтайлы бедеудей өшетіл: Не керек, қарағым? деп іле тұра келді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жарлы боп неғысын… Бір сусын ж ұ т ы п, жантая кеткендей жер табылса болад та, деп Ақбілек тағы айтты (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Жою, жоқ қылу, басын жұту. Құр ғана түйреп, түйіліп ауыртқан аурудың өзі ғана есінен шатастырып, ақыл-ойын ж ұ т ы п бара жатқандай болды (М.Әуезов,Шығ.). Байлық қайда бар? Қандай пайда бар? Ж ұ т а салады Өмір айдаһар! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).