Жыға

lat: Jyǵa

[ир. ] зат есім. көнерген сөз. 1. Төбесі үшкір, маңдайалды қабақ пен қасқа түскен, желке жағына мойынды айнала 1-1,5 қарыстай шынжырлы бау тағылған, соғыста киетін баскиім. Ж ы ғ а н ы ң төбесі үшкір келеді, маңдайалды қасқа дейін түсіп тұрады, желке жағына мойынды айнала ұзындығы 1-1,5 қарыстай шынжырлы баулар тағылады (ҚСЭ). 2. Баскиімге сәндік үшін тағылатынаншылатын) құс қанаты немесе алтынды, асыл тасты әшекей зат. Маңдай тұсын төмен қарай үшкілдеп жыра тігіп, дәл алдына күміс айшық ж ы ғ а, төбесіне құс қауырсынын қадапты (Қ.Сәрсекеев, Қарсаңда). Шахзада әкесін жерлегеннен кейін таққа отырып, ж ы ғ а с ы н басына тағып, жүзігін қолына салып, толық құқықты патша болып, орданы басқардыың бір түн.). 3. Парсы шаһтарының тәждерін қораздың айдарлы тарақшасы сияқты гауһар тас және шоқ қауырсынымен әшекейленген Баскиімі (Қаз.-парсы. түсінд. сөздік). 4. Соғыста киетін мол әшекейлі дулыға және дулығаның мойынды қылыштан қорғайтын артқы жиегі. Кейде батырлар да осындай сәукеле тәрізді мол әшекейлі дулыға киеді. Оның темірмен, шынжыр тормен қапталған әсем түрлері көп; бұларды «ж ы ғ а» деп атаған (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).