зат есім. кен ісі. Неғұрлым жоғары температуралы ортадан (қыздырғыш жылу – жылутасымалдағыш) неғұрлым төмен температуралы ортаға (қыздырылатын дене) жылу беру үшін пайдаланылатын аппарат. Ж ы л у а л м а ст ы р ғ ы ш т а р рекуператорлар, регенераторлар және араластырғыштар болып бөлінеді (Қаз. тілі термин. Кен.). Рекуператорлық ж ы л уа л м а с т ы р ғ ы ш т а р д а қыздыратын заттан қыздырылатын затқа жылу оларды бөліп тұратын қабырғасы арқылы беріледі (бу қазандары, ауа және суқыздырғыштары, конденсаторлар және т.б..) (Қаз. тілі термин. Кен.).