зат есім. 1. Қар, жаңбыр суы ағатын шағын өзекше, ойпаң жер. Биыл жыра, ж ы лғ а л а р ғ а іркілген азғана сулар көктемнің өзінде түгесілген (М.Хасенов, Тұлпар.). Сол маңда тасқын су құятын көл табанмен жалғасып жататын бір жайпаң ж ы л ғ а бар-ды (Ж.Қосыбаев, Әнші Мұхит). Қазақстан өңірінде ж ы л ғ а л а р, көбінесе, көктемде және күзде болады (ҚҰЭ). Таудан құлап аққан өзендер мен ж ы л ғ а л а р бөгелген шатқалды сумен толтырып, көл жасаған (Ә.Бірмағамбетов, Қазақст. геогр.). 2. Су, тау бөктерінен төмен қуалай ағатын бұлақ суы. Тандыр болған ж ы л ғ а д а н Сарқырап тұрып су ақты. Өзен қып өрге ағызды, Жылжыған жылым бұлақты (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Әлдеқалай бір қарадың, Мен отырған қыратқа. Ат суардың ж ы л ғ а д а ғ ы Жылтыраған суатқа (М.Мақатаев, Шығ.).