үстеу. 1. Тез, шапшаң. Жаңа хазірет түскен мінберге енді ж ы л д а м басып, ажарлы жүзін халыққа қаратып, Сармолла шықты (М.Әуезов, Шығ.). Жүріп бара жатқанда Боқмұрын алып бүй деді: – Бұл барғаннан барып қайт! Ер Қосайға жетіп айт! Қос құласын байласын Шабар бала сайласын! Хан атамның асы бар, Көк дөненнің басы бар, Ж ы л д а м келсін ақсақал! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Сәмен директордың кабинетіне ж ы лд а м басып кірді (С.Бегалин, Уақыт.). 2. Әп-сәтте. Суармалы жердің топырағы суарғаннан кейін тез нығыздалады да, ондағы су ж ы лд а м буланады (А.Ажкеев, Қант қызылша.). Бекасылдың ұйқысы әрі ж ы л д а м, әрі қатты екен (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). Солай бола тұрса да, Қ.И.СӘтбаев адамдармен тез де ж ы лд а м тіл табыса бермейтін (Қаныш аға). Күн бұлт, ай қараңғы, жортар құлжа, Шернияз шешен болсаң бұл сөзді ж ы л д а м болжа (Махамбет, Шығ.). // Тез, уақытында орындайтын адам. Мойындатып келеді ол өз күшін, Бұрынғыдай ж ы л д а м б ы с ы ң, тезбісің. Бұрынғыдай жалынбысың, өртейтін, Ертек айтып отыратын езбісің (Т.Молдағалиев, Шақырады.).