Бір нәрсені жиілете істеу, бастырмалата қимылдау. Атын жетектеп, жай ілбіп басып жүрген шопан бізді көрісімен адымын жылдамдатты (Ә. Жәмішев). Зейнекүл-ау, түскі тамақтың уақыты болды, тездетсейші (Б. Майлин). Тоқаш Бокин даусы қалтырап, қыза сөйлеп сөзін жеделдетеді (3. Шашкин). Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатады (Ғ. Мұстафин). Зейнеп не дерін білмей тоқырап қалғанда, оған тыныс бермей жеңуге талаптанған Шоқан, жеппелетіп кетті (С. Мұқанов). Қайран анам, қайырылмай өткенің бе? Ажал шіркін, жебелеп жеткенің бе? (Қ. Тәкежанов).