Уақыт бірте-бірте, білдірмей өтеді. Түсінем, түлейді өмір, жаңарады, Жаңа өңірде жаңа оттар жанар әлі. Нелер ұрпақ әлі де ағарады, Секілденіп өзінің бабалары, Қалса болды халқының шежіресінде, Әр ұрпақтың өзіндік бағалары. Жылдар... Ж ы л д а р ж ы л ж и д ы жоғалады, Жаңа жылдар сағаты соғар әлі (М.Мақатаев, Шығ.). Айлар өтіп, ж ы л ж ы л ж ы п, Шықты бір кез тілі де. Ата-ана құмартып, Құлақ түрді үніне (О.Шипин, Дастан.). Ұйықтамады ана дұрыстап, Тірі деп күтті батырын. Ж ы л д а р да ж ы л ж ы п, жылыстап, Барады өтіп ақырын (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Жыл ж ы л ж ы п, жыл артынан өткен сайын Қайғының қалыңына тереңдедім (К.Райбаев, Жаңа толғау).