Жылдық

lat: Jyldyq

сын есім. 1. Белгілі бір жылға созылған. 1956 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігі Алматыда кітап сатушыларды даярлау мақсатымен жүз кісіге арнап бір ж ы лд ы қ курс ұйымдастырған екен (С. Мұқанов, Өсу жол.). Пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссалам «ақыр заманда бір ж ы л д ы қ бір күн болар» деген (Абай, Тол. жин.). 2. Бір жылға жететін, жыл бойына керекті. Сол кезде ж ы лд ы қ керегін Албан баласы осы жәрмеңкеден күреп алады (М.Әуезов, Шығ.). Бекінді жаудың көбі жардан үңгіп, Жарық қып жар астынан ашты түндік. Пеш салып, есік салып, қада қағып, ішіне отын, тамақ жиды ж ы л д ы қ (О.Шипин, Дастан.). 3. жергілікті сөз. Жыл. Оған биыл екі-үш ж ы л д ы қ т ы ң шамасы болды (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).