жылжымайтын мүлік. экономикалық. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі жер мен басқалай табиғи жайылымдар, жерге заттық құқықтар, сондай-ақ, жерде орналасқан, соған тікелей байланысқан кез келген мүліктер (ғимараттар, мекенжайлар, зауыттар т.б.). Ж ы л ж ы м а йт ы н м ү л і к нысандарының жалпы құны 99 миллион бельгиялық франк болған («Егемен Қазақстан»). Елбасы жер ресурстарының қоғам дамуындағы айрықша рөліне тоқтала келе, “Жер табиғи байлықтармен және ж ы л ж ы м а й т ы н м ү л і к п е н қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады” деп тұжырымдаған болатын («Егемен Қазақстан»).