Жылжыту

lat: Jyljytý

Жылжыт етістігінің қимыл атауы. Орнынан қозғау, белгілі бір бағытта алға ақырындап қозғалу. «Пай, пай, бұқадайын-ай» деді Аманкелді ішінен, мына секілді дөйді орнынан қалай ж ы л ж ы т у д ы білмей (М.Жұмағұлов, Қыран.). Сайды тасалап тұрған төбеге қарай жауды ілгері ж ы л ж ы т п а у, біздің әскерлердің аман-сау кейін шегінуін жүзеге асыру Үрмәш басқарған атқыштар бөлімшесіне тапсырылды (Ә.Әлішев, Батыр.).