Жылқы

lat: Jylqy

зат есім. 1. Төрт түлік малдың көлік үшін пайдаланылатын тақ тұяқты түрі, ақ мал. Қазақ халқының өте қадірлеп өсіретін малының бірі – ж ы л қ ы (Д.Керімбаев, Қазақст. жылқы.). Ж ы л қ ы н ы аңдып ұры жүр Әр төбенің тасында. Ой көзімен қарасаң, Қойдан жылқы асыл ма? (Абай, Тол. жин.). Ж ы л қ ы кез келген шөпті жемейді, иіскеп таңдап жейді. Басқа мал түлігі жайылған жерге, басқа малдың аузы тиген шөпке жылқы жоламайды (С.Мұқанов, Қазақ қауымы). 2. этнографиялық. Соғымға, үлкен астарға, тойға, үлкен, қадірлі кісінің өліміне сойылатын, қазы, қарта, жаясы бағаланатын, еті дәмді, кәделі мал. Түйе сойсаң сорпа май, Ж ы л қ ы сойсаң етке май (Мақал). Ж ы л қ ы – үйіне кісі келсе болды алды-артына қарамай алып ұрып, домалатып тастайтын тоқты-торым емес, кәделі мал (Қ.Салғарин, Қасапшылар). Ж ы л қ ы н ы ң басын бөліп, “шеке асу” және осыған байланысты аруақтарға арнап Құран оқытып ас қабылдау негізінен Орталық және Солтүстік өңірлерге тән болып, басқа қазақтарда кездеспейді (Д.Қатран, Қазақ. астағам.). Изен, жусан, малға жай, Құмарта жейді талғамай, Қысы-жазы бірдей ас, Қой,     ж ы л қ ығ а толған май (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. зоологиялық. <латын тілі. eguus caballus> Тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары ж ы л қ ын ы ң б.з.б. 7000 жылдан бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді (ҚҰЭ). Ж ы л қ ы тұқымдасы есек, құлан, зебр, қазіргі жылқы болып 4 туысқа бөлінеді (ҚҰЭ). 4. Жылқының үйірі, табыны. – Тор байталды ұстатып мін. Қинамай бар. Барған соң демін алдырып, ж ы л қ ы ғ а жібер, – деді Көрпебай (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жігітке жиырма бес жас – үлкен зейнет, Мағшұқтың маржан таққан зұлпындай-ақ. Көңіліңе келер сонда толық байлық, Қарайып отар жатқан ж ы л қ ы ң д а й-ақ! (О.Шораяқов, Шайыр). Жетім көлдің басында ж ы л қ ы жатқан, Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан: “... Апырай, бұл кім болды таңсәріде, Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?! Құстардың зәре-құтын шырқыратқан, Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?! (М.Мақатаев, Шығ.). Екі-екіде, ел көшсе, әнге салып, Жиналып жастар ж ы л қ ы айдағанда. Ел қонса, құрық алып шырқ иіріп, Биені үйге бөліп жайғағанда (Ә.Найманбаев, Шығ.). 5. Жүйрік ат, тұлпар, бәйгеге қосу, көкпарға міну үшін жаратылатын ат. Қағысып астындағы ж ы л қ ы малы, Көкпарға тебініп жұрт ұмтылады. Тақымға орай басып тартқан кезде Көк еті көк серкенің жыртылады (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Пайдасынан ж ы л қ ы н ы ң пайда өте ме, Жүйрігіңнен жақын ба қайын ата, ене?! Құдай өзі жасаған Колизейдей Айдарбектің ақ жары – бәйге төбе (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Қадірлі ата, ойың қандай зиялы, Сен өзің айтатынсың Ж ы л қ ы н ы ң артқы тұяғы Асып түспесе алдыңғы тұяғынан Бағы әсте жанбайды деп, Шығарып тастағайсың қиялыңнан, Ол тұлпар болмайды деп (М.Шаханов, Ғасырлар.). Мінген ат ақалтеке құмай торы, Қамыстай қос құлағы, ж ы л қ ы зоры, Әніне әріптестің шырқап салсам, Тау-тастың жаңғырады ылди-өрі (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 6. этнографиялық. Сүті, қымызы үшін қолда ұсталатын үй жануары, мал, бие. Ж ы лқ ы өсірсең ызғытып. Құлын-тайын шұбыртып, қымызы дәрі адамға, Сабадан құйсаң көпіртіп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Сапырған сары ожаумен сары қымыз, Ысталған сары местен дәрі қымыз. Қарасаң қалың тоғай толған ж ы лқ ы, Түн тұрмақ таба алмайсың қарап күндіз (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 7. этнографиялық. Қазақтың дәстүрлі қоғамында байлығы, үстем тап арасындағы орны, беделі өлшенетін бірлік. Жұрт озған адам дейді Табын Талтақ, Ақсақал Жетіруға болған ортақ. Айдаған төрт мың ж ы лқ ы заманында Озғанбай, Майлыбайды жатқан шалқақ. Төртінші Ожырайда Төлек, Тастан, Білуге баршасын да емен шорқақ (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Кешегі бір заманда Байды бай деп айтпады – Қойы мыңға толмаса, Ж ы л қ ы бес жүз болмаса (Кердері Әбубәкір, Қазағым). – Атың бар, мінетұғын атаның бар, Кедейге босатып бер егін-жайды. Болса да Сейіткерей бір мың ж ы л қ ы ң, Мінген жоқ біздің кедей жалғыз тайды (О.Шипин, Дастан.). 8. Бәйгеге, бас бәйгеге тігілетін құнды сыйлық. Алдыңғы аттың бәйгесі Мың ала бас қой тігем,  Ж ы л қ ы малдан жүз тігем, Түне малдан мың тігем, Ділдә менен жамбыдан Он түйе жүк пұл тігем, Асқа келген адамға Атына жүктеп пұл берем, Топқа келген адамға Торқалай жүктеп пұл берем (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 9. Айырбасқа, ақша орнына жүретін бағалы пұл. Айырбастап ж ы лқ ы ғ а Біреулер берді матаны. Ақша түсіп қалтаға, Жаңарды жыртық шапаны (О.Шипин, Дастан.). 10. этнографиялық. Өлтірілген адамның құнына алынатын мал. Жеті кісі құны деп – Сүйіннің бес жүз ж ы л қ ы с ы, Смайылов Мұқаметжан Ол да солдат бастаған, Оның да шауып ауылын Адамын қырға иірді (О.Шипин, Дастан.). 11. этнографиялық. Барымталанатын мал. Естігем Қордайдағы ел келед деп, Адамы өркөкірек, ер келед деп. Мүлкаман, Қонай жақтан келгендері, Ж ы л қ ы ұрлап, қойды түнде өңгеред деп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 12. этнографиялық. Қалыңмал ішіндегі бас тоғызға беретін негізгі мал. Осы жатар-тұрар деп, Тоғыз қара бір алды Боз жүйрік ат бас қылып. Оны алып болған соң, Жеті ж ы лқ ы, бір түйе, Алпыс теңге ақша алды, Оны бізге қас қылып (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 13. п о э т. Береке-бірліктің, жайма-шуақ жайлылықтың, байлықтың, тыныштықтың нышаны. Көрінген ақ шатырдай қазақ үйлер, Шопандар, малшылармен отыр белде. Жайлауы Аңырақай мен Ақдолыда, Қой, ж ы л қ ы ызғып жатыр, сиыр ферма (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).