Жылқы еті

lat: Jylqy eti

а) Сойылған жылқы еті.

Жылқы етінен - қазы, шұжық, жая, сүр ет, жал және қарта тағамдары даярланады (Қазақст. етті молайту).

ә) Сойылған жылқы етінің асылған, пісірілген түрі.

Ол жылқы етіне жерік екен, келе қырғын салыпты (Ә.Әбішев, Найзағай).

Қазан бүлк-бүлк қайнап жатыр, ішіндегі жылқы етінің иісі бұрқырап мұрныңды жарады (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).