сын есім. Жылқысы көп, жылқыға бай. Бұл күнде төскей толған ж ы л қ ы л ы, қора толған қойлы, өрісі кең, келешегі мол бай ауылға айналып отыр (Б.Қожабеков, Көктөбе). Бірен-саран, азғана ж ы л қ ы л ы үйлері жаз болғанда Сәттібек ауылдарымен ауылдас болып отырады (С.Сейфуллин, Шығ.). Байдың ең атақтысы ж ы л қ ы л ы бай, Бәйгеден жүйрік келер жұлқынып-ай. Ақ еркем отыр ма екен, жатыр ма екен, Жібектей жүз алпыс сом құлпырып-ай (Қара өлең). Өңір едік ж ы л қ ы л ы да түйелі. Өлең еді тіліміздің тиегі… Білім қазір сыйыспай жүр тіліммен, Тілім оның көзге шыққан сүйелі (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).