Жылтырауық

lat: Jyltyraýyq

сын есім. Жылт-жылт еткен, жалтырауық. Таза никель сарғылттау ақ түсті, өте ж ы л т ы р а у ы қ қатты металл (Б.Бірімжанов, Жалпы химия). Жігіт сырты ж ы л т ы р а у ы қ қағазға оралған шоколад алып, Сейітжанға ұсынды (М.Иманжанов, Жастық). Қала үйлерінің ж ы л т ы р а у ы қ көк сырмен боялған терезелері мен шарбақтары қандай әсем (С.Омаров, Әңгім.). Жасыл көйлек, мойнына ж ы л т ы р а у ы қ алқызыл галстук байлаған (О.Бөкеев, Ұйқым). // Қыз-келіншек сән үшін тағынатын асыл бұйым, жылтырақ. Сафура қаршадайынан қыз бала болып, аса ж ы лт ы р а у ы қ қ а әсте үйір емес-ті (Р.Әутәліпов, Той тарқар). Алтын, күміс, асыл тас сияқты ж ы л т ы р а у ы қ т ы ң ешқайсысын әжем денеме жолатпайтын (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Қуанарлық қыз емес, Ж ы л т ы р ау ы қ таққанға. Өзгелерді, біз емес, Түсірмекші қақпанға (Абай, Тол. жин.).