зат есім. Көкөніс, жеміс-жидек, гүл, көшеттер өсіретін әйнекпен немесе жарық өткізетін материалмен жабылған арнайы құрылыс. Ж ы л ы ж а й д а жыл бойы көкөніс дақылдарын өсіріп, өнімімен халықты қамтамасыз етуге болады. Онда өсімдіктерге аса қажетті су, қоректік зат, жарық, жылу, газ режимі сақталады (ҚҰЭ). Саланы интенсивтендіруге және комплексті механизациялауға бағыт алынды. Тек үстіміздегі жылдың өзінде 25 гектар пленкамен жабылған ж ы л ы ж а й л а р (теплицалар) салынды («Алматы ақшамы»). Күн сәулесінің энергиясы, биологиялық отынның жылуы, техникалық жылу түрлері пайдаланылады. Өсімдіктер қыстық ж ы л ыж а й д а жыл бойы, көктемдік жылыжайда көктемде, жазда, күзде өсіріледі (Қаз. тілі термин. Биология). Ж ы л ы ж а й (теплица) жылу сүйетін жидек және овощ дақылдарын өсіруге арналады. Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады (Шаңырақ энцикл.).