Жылына

lat: Jylyna

үстеу. Жыл бойына, жыл ішінде. Абылайхан орыс патшалығына бағынам деп Тұғым деген баласын жібергенінде, қатын патша оған Хандық құрмет қағазымен, ж ы л ы н а үш жүз сом ақша, екі жүз пұт ұн төленіп тұрсын деген жарлық берген еді (I.Есенберлин, Қаһар). «Толға» деп аталатын бура ж ы л ы н а 21 кг өте сапалы жүн беріп отырған (И.Жұмағұлов, Түйе өсіру). Ж ы л ы н а бір емес, жүз жаңалық көремін (Ы.Жақаев, Менің бақытым). Сол үш-төрт жан ай сайын бір қой сойып жесе, ж ы л ы н а он екі қой керек (Б.Нұржекеев, Жау жағадан.). Байлығында есеп жоқ Бауке жылқысын ж ыл ы н а бір-ақ рет аралайды екен («Қаз. әдеб.»).