дара жынысты аталық жəне аналық түрлерінің түрлі белгілері; полиморизмнің меншікті жағдайы. Жыныстық диморфизмнің туындауы жыныстық сұрыпталудың əсеріне байланысты. Көпклеткалы жануарларда жыныстық диморфизм жыныстық жетілуге дейін толық дамиды жəне жыныс мүшелерінің түрлі құрамына, сонымен бірге екіншілік жыныс белгілеріне байланысты. Жыныстық диморфизмнің тұрақты жəне мезгілдік түрлерін ажыратады. Тұрақтысы – мезгілдік шарттарға аз байланысты немесе байланысты емес. Ол көптеген омыртқалыларға жəне омыртқасыздарға тəн; мысалы, кейбір аталық жануарларда аналықтардан ұсақтау, басқаларда керісінше ірірек болып келеді. Аталықтарда жыныстық диморфизм белгілері копуляция (мысалы, су қоңызының алдыңғы аяқтарының емізікшесі) кезінде аналықтарды ұстап қалу қабілетіне, аналықтарда жұмыртқаны шығарумен, ұрпақтарын қоректендірумен байланысты (мысалы, көптеген жəндіктердің жұмыртқа қоймасы, сүтқоректілердің сүт бездері). Аталықтар аналықтарға қарағанда ашық боялған (көптеген көбелектер, құстар жəне т.б.), бояуға жақтаушылыққа жəне аналықтардың ұрпаққа қомқоршылық жасауда аз қозғалуына байланысты. Жыныстық диморфизмнің пайда болуымен, қоңыз – бұғыларда «мүйіз», аталық пілдерінің сойдақ тістері, көптеген бұғылардың мүйізі жəне аналықтар үшін «жарыс соғыстарында» қару болатын басқа да заттар екіншілік жыныс белгілері болып табылады. Мезгілдік жыныстық диморфизм немесе неке жасағы тек көбею кезеңінде пайда болады, көбінесе балықтарда (мысалы, аталық сұлұталманың ашық түсі) жəне қосмекенділер (мысалы, аталық тритондарда ашық түсті айдардың пайа болуы). Адамда жыныстық диморфизм жыныс мүшелерінің екі түрлі құрылысымен қатар басқа да айырмашылықтармен: еркектерде қаңқаның жəне бұлшық еттердің қарқынды дамуымен, сақал– мұрттардың болуымен, ал əйелдерде – сүт бездерінің дамуымен, жамбастардың үлкен енді болуымен сипатталады.