Жыныстық хроматин

lat: Jynystyq hromatın

Түрлі жыныстыларда ядро интерфазасының əр түрлілігін анықтайтын, жыныс хромосомасының құрылымдық жəне қызметтік ерекшеліктеріне байланысты хроматин аймақтары. Жыныстық хроматиннің Y (Y хроматин) жəне X-жыныстық хроматинін (X-хроматин) ажыратамыз. Y-хроматин ультракүлгін жарығында флюрохром көмегімен интерфазалы ядрода табылатын адамның Y-хромосомасының құрылымдық гетерохроматині. X-хроматин, немесе Бар денешіктері аналық түрлі клеткаларының ядросында болатын негізгі құрылымдармен боялған, гомогаметалы жыныста екі жыныс хромосомасының біреуінен түзілген. Бұл хромосома ширақталған жəне сол себептен белсенді емес. Х-хромосомасының көп болғанда бір Х-хромосомасынан басқа барлығы сондай белсенді емес түрге айналады. Сондықтан жыныстық хроматин денешіктерінің саны Х-хромосомалар санынан бір санға аз жəне олардың санын анықтауда диагностикалық белгілер бола алады. Жыныстық хроматиннің түзілу механизмі көптеген сүтқоректілерде кездеседі.