Жыныстық кері комбинация

lat: Jynystyq keri kombınasıa

(sexual recombination) ағзаларға тұқымның бір-бірінен өзгешеленетін шексіз санын шығару мүмкіндігін беретін үдеріс. Шәует жасушасы жұмыртқа тіндерін қалыптастыру кезінде, әдетте адам тінінде кездесетін хромосомалардың жиырма үш жұбы (әр жұптағы бір хромосома анадан, біреуі әкеден) жиырма үш жалқы хромосомаға сәйкес болады. Бұл екі сатыда өтеді. Бірінші сатысында жұпты хромосомалардың жеке-дара аумақтарында өздігінен бірнеше рет бөліну жүреді. Одан соң жаңа хромосомалар жасай отырып, бірге жапсырылатын осы бөліктердің алмасуы іске асады. Кейін әрбір жұптың бір-бір мүшесі іріктеліп алынып, шәует жасушасына немесе тінге орналастырылады. Ұрықтану кезінде жұмыртқа тінінің әрбір хромосомасы өзінің екінші сыңарымен гендерді жиырма үш жұпқа дейін қайта қалпына келтіріп, шәуеттерден жұп құрайды.