Жыр

lat: Jyr

етістік. 1. Жырту, тілу.

Әлгі сүрінгенде жирен ат тізесін тасқа соғып алыпты. Терісінің біраз жерін тас жырып қанап қалған (С.Бегалин, Уақыт.). Мына маймыл шыр айналып жүгірген,

Үсті-басы бұтақ жырып тілінген,

Осылардың ішіндегі әккісі,

Ерте келіп, кештеу көзге ілінген (C. Жиенбаев, Алтын қалам.).

Итаяқ деген бір байдың биесін сауғызбақ болып құлынды желіден ағытып жүргенінде бие теуіп қалып, баланың ернін жырып кетіпті (Қ.Әміров, Өшп. жұлдыз.).

2. Бөлу, бөлектеу.

Жаудың он бес шамалы кісісі бұл жылқыны өзгеден жырып алып, алдына төсеп салғандай болып сойылдап, шаңын бұрқыратып қуып барады екен (М.Әуезов, Қараш.).

Жалпақ ел жауға аттанатын күн туса, біз де есепте бар емес пе едік? Елден жырып тастағандай не айыбымыз бар біздің? деді Науша (Ғ.Мүсірепов, Тұтқын қыз).

3. Судың кедергіні бұзып жол салып, жылғалай ағуы.

Жолдың кей жерін жағалай, кей жерін көлденең қар суы жырған (С.Шарипов, Шығ.).

Ауылдан тыс, Су жырған арна жақта,

(қалған күнін жоқтауға арнамақ па?!)

Менің кәрі Сырттаным

күндіз-түні ұлиды да тұрады жарқабақта (М.Мақатаев, Шығ.).