Жырау

lat: Jyraý

зат есім. Өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жырау халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарады (ҚҰЭ). Жырау тұлғасы ерте дәуірде, тайпалық одақтар бірлестігі тұсында қалыптасып, 1518 ғасырларда үлкен өнер иесі және қоғам қайраткерлері ретінде танылған (Әдеб. термин. сөздігі.). Ұзатылып жат жұртқа барғанында, Жыр айтылған қыздардың жар-жарында. Жырлап, жылап ж ы р а у л а р жан тапсырған, Жыр мен күйі күйзеліп бармағында (М.Мақатаев, Шығ.). Жанкелді дұрыс айтады, деп оны Қабан ж ыр а у қостады («Жұлдыз»).