Жыраулық поэзия

lat: Jyraýlyq poezıa

XV-XVIII ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы.

Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар, жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады (ҚҰЭ). Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежілгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді (ҚҰЭ). ХV-ХIХ ғасырлардағы қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты (Әдеб. термин. сөздігі.). Біз Махамбет жырларын жыраулық поэзия үлгісіне жатқызып, Төлеген жырларын жаңа үлгіні жаңартып, жаңғыртушы ақын деп айтып та жүрміз (“Қаз. әдеб.”).