Жыра

lat: Jyra

қыратты-жазықтықты кеңістіктерде, әсіресе тез шайылатын борпылдақ тау жыныстары дамыған аймақтарда уақытша, өте сирек азғантай тұрақты ағынның әсерінен түзілген, көбіне қатты жырақталған тік беткейлі аңғар. Жыра эрозияның белсенді формасы болып табылады, әсіресе әрбір жаңбырдан кейін ұзаратын оның ұшы барынша жылжымалы болады.