Жыртусыз

lat: Jyrtýsyz

үстеу. Жыртылмаған, айдалынбаған.

Артынан келген соқа, әлгі тоқтап тұрған соқаны алысырақтан оралып, алдына түсіп кетті. Үй орнындай жер дөңгеленіп жыртусыз қалып отырды (Б.Майлин, Шығ.). Жел эрозиясына ұшыраған жерлердің шаңытып, тозаңдануын болдырмау үшін, ол жерлердегі негізгі жырту мен парды өңдеу жұмыстары аудара жыртусыз жүргізіледі (М.Ахметов, Егін қорға.).