lat: Jyryl
етістік. 1. Құлақ, ерін т.б. бөлініп, кесіліп кетуі.
– Пошел отсюда! – деп Жұма сол- датты өңменінен итеріп жібергенде, Зейнегүлдің құлағы жырылып, сырға солдаттың қолында қалды(С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).
2. Бөлініп шығу, шеттеу.
Станцияға кіре берісте бір арба жырылып шетке шықты да, өзге көшеге бұрыла берді. (Т.Иманбеков, Үш ай.). Елеусіз жиыннан жырылып бара жатқан Біркімбайды көрді (Т.Әлімқұлов, Ақбоз ат). «У жесең руыңмен» деп, көпшіліктен жырылып шығудан қиын не бар (Б.Майлин, Шығ.).
3. ауыспалы мағына.
Көзге тістік үсу, ерекшелену. Өзге Құнанбай балаларының ішінен тілі орамды, айтқышы және Абайдан соңғы білгірі осы болып жырылып шыға бастаған (М.Әуезов, Шығ.).
4. Айырылу, қолдан шығарып алу.
Құдай қосқан қосақтан Жалғанда қалдым жырылып. Қайғыңда қалдым қамалып, қызығым кетті сырылып (Абай, Тол. жин)
5. Судың әсерінен құм-топырақтың шайылып кетуі.
Қатты нөсер жаңбырдан немесе суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың беткі қабаттары жырылып шайылады (Е.Жамалбеков, Суармалы.).