lat: Jyrym
зат есім. этнографиялық.
Айыл не тартпаның ұшына жалғап, соларды байластырып бекітетін кішкене жіңішке қайыс. Жырым – тартпа мен айылдың доғаларға өткізіп бекітетін тесік қайыстары (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Қылдан түрлі арқан, жіптер есумен бірге, шылбыр және шідер бұрауға айыл және жырым өруге де кеңінен қолданылатын X.Арғынбаев, Қаз. этногр.). Өзінде қырда жүрсе көшкен елдің жұртын қарайтын, біреудің бұзауының мойын жібін алатын, қонақтың жырымын ұрлайтын пайдакеш адамның ұсқыны бар еді (I.Жансүгіров, Шығ.). – Осымен-ақ жүре сал, Мына бір жерге-ақ кіре сал. Бір жырымы үзілсе, қанжығаңмен іле сал (Ш.Құдайбердиев, Иманым).