Жырым

lat: Jyrym

зат есім. Қалтарыс-бұлтарысы көп сайлы, ойпаңды жер.

Елден үрей қалмаған,

Жұлып бәрін жалмаған.

Бірі қалып жырымда,

Бірі қашты қырымға.

Қос шамшырақ көздерді

Сұңқарша қарат қырымға!

Қысқартып қадам өрісін

Айналып қалма жырымға. (О.Шораяқов, Шайыр)

Ит баласы жырымға қарайды,

Құс баласы қырымға қарайды (Мақал).