КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

lat: KÁMELETKE TOLMAǴANDARDYŃ ÁREKET QABİLETTİLİGİ (14 JASTAN 18 JASQA DEIİN)

азаматтың құқық бойынша 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасай­ды, өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы; өздері жасаған мәмілелер бойынша және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін жауап береді.