1) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын және құқықбұзушылықтары мен бақылаусыздығын алдын алуды жүзеге асыратын мекеме (ұйым), органдар қызметін ұйымдастыру; 2) барлық сала бойынша кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мен қалпына келтіру бойынша көмек көрсету; 3) кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия құзыретіне кіретін шеңберде бақылауды жүзеге асырады: ұйымдық - құқықтық нысандарына қарамастан білім беру мекемелеріне кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтау, оқыту мен қарым – қатынас, тәрбие беру, арнайы оқу – тәрбиелеу мекемелерінде өмір сүру жағдайларын бақылау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға арналған арнайы мекемелерді, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды уақытша оқшаулау орталықтары, тәрбиелеу мекемелеріне, кәсіпорындардың әкімшілігі, мекемелер, меншік нысаны мен қызмет саласына қарамастан ұйымдар кәмелетке толмағандарға қарастырылған қажетті материалдық -тұрмыстық жағдай жасау, кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға байланысты істерді соттарда қозғау сияқты қызметтерді атқарады.