lat: KÁSİP
(ар. касиб كاسب)
1. Табушы, иеленуші.
2. Ұтыс, ұтып алушы.
3. Ауысп. Бір нәрсемен шұғылдану, айналысу.
Кәсібіміз мәсжидте азаншылық, Қызметін қолдан қойма ада қылып («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).
Көңлі ауса жаманнан жерімейді, Ұрғашының білемін кәсібінен («Патша Синдбад хикаясы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Қақпан кәсіп – қақпан құрып, аң аулау кәсібі.
Ілгерлі Пайғамбардың заманында, Бір жүһүд етеді екен қақпан кәсіп («Киік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).
Кәсіпкер – арнайы бір кәсіппен шұғылданушы.
Кәсіпқор – кәсіппен шұғылданушы, іскер, пайда табушы адам.
Кәсіпқой – өз ісіне шебер.