КӘСІПКЕР

lat: KÁSİPKER

қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады. Кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы заңнамалық актілерге қайшы келмейтін кәсіпорындардың кез келген түрлерін құруға; мемлекеттік кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысандарына негізделген кәсіпорындардың мүлкін, өзгедей мүлік пен мүліктік құқықтарды толық немесе ішінара сатып алуға; заңды негізде алынған өз мүлкімен шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің қызметіне қатысуға; заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін келісім бойынша пайдалануға; заңнамада белгіленген келісімшарттар талабымен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға; еңбекақы төлеудің нысандарын, жүйелерін, мөлшерлерін және жалданып жұмыс істеушілер табысының басқа да түрлерін дербес белгілеуге; шаруашылық қызметтің бағдарламасын өз бетінше жасауға, жеткізушілер мен тұтынушыларды таңдауға, баға мен тарифтерді белгілеуге; банк мекемелерінде шоттар ашуға; есеп айырысу, несие, касса операцияларының барлық түрлерін жүзеге асыруға; кәсіпкерлік қызметтен алынған, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы (табысты) еркін билеуге; мөлшеріне шек қойылмайтын кез келген жеке табыс алуға; мемлекеттік және әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру жүйесін белгіленген тәртіппен пайдалануға; өзінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірген мемлекеттік және басқа органдардың әрекеті жөнінде белгіленген тәртіппен шағымдануға; заңнамада белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушы болуға; заңнамада белгіленген тәртіппен валюта операцияларын жүзеге асыруға құқылы. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіркердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады.