зат. 1. Адамның мінез-құлқына байланысты жалпы эмоциялық сезім (сана, ой, зерде, назар т.б.). Көкірегі, к ө ң і л і тірі болса соны айтады, ақыл табуға сөз ұға алмайсың (Абай, Тол. жин.). Әйтсе де, сол тойтарқар түнгі оқиға күн ауа жоғалар ірге көлеңкесіндей к ө ң і л д е н ұмытылса да, Күлшығаш көкейіне салқын сызын қалдырған (Д.Досжанов, Зауал). К ө ң і л қазы, көз таразы (Мақал-мәтел). Не үшін десеңіз, екеуінің де сол ойын болған түндегі сөздері к ө ң і л д е р і н е н кетпей һәмән бірін-бірі ойлайтын болды (М.Дулатов, Шығ.). Жоқ, Бәкір, маған ол керек емес, маған керегі сенің к ө ң і л і ң (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). 2. Ынта, ықылас, ни ет. Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті, Ортақ келер, орылар мезгілі жетті. Жылы менен суықтың бәрін көріп, Қайран к ө ң і л қайыспай қайрат етті (Абай, Тол. жин.). Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас к ө ң і л, босанбас буын керек екен (Абай, Тол. жин.). К ө ң і л і м Ақбалада. Балташты оның қасында қораш көрем (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. ауыс. Қиял, арман. К ө ң і л жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе? (Мақал-мәтел). Тіл бұлбұл, ақыл дария, к ө ң і л жүйрік, Шығады шешеніңнен сөз талданып. Құдайым өзі рақым айдамаса, Жан сақтар ғаріп пенде қайда барып? (Қабан жырау, Алтын қазық). Азаттықтың, жарық күннің үміті, Онсыз өмір өлген к ө ң і л, құр сүлде (Ж.Аймауытов, Шығ.). 4. ауыс. Пейіл, ниет, ілтипат. Үйіңе тату құрбың келсе кіріп, Сазданбасын қабақпен имендіріп. Ері сүйген кісіні о да сүйіп, Қызмет қылсын к ө ң і л і таза жүріп (Абай, Тол. жин.). Адам сәні барлық шақта, Абырой, бірлік, ынтымақта. Шында ғана тұрақтылық. Күйе жұқпас к ө ң і л і аққа (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Рахмет, ата, к ө ң і л і ң і з г е рахмет, пальтом жылы (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.).