КӨҢ

lat: KÓŃ

(Қост.: Жанг., 06.; Гур., Маңғ.; Жезқ.: Ж.арқа, Ақ.; Орал, Орда; Сем., Аяг.) мал қыстайтын тұрақты қоныс орны, қыстау.

Малшылар биыл, көңге ерте қонды (Қост., 06.).

Қысқа қарағанда отырықшы ел көңге кіреді (Гур., Маңғ.).

Бұл бұрын Балқожа тұқымдарының отырған көңі еді (Қост., 06.).

Күні бойы қойға қар тепкізіп, түнде көңге қамаймыз (Орал, Орда).

Өзен болғанда осы, өзеннің аралсымақ иірілімінде опырылып құлаған ескі көңнің орны жатыр (Б. Майл., Шығ., V, 337).

Көңсалу - үй тұрғызу, үй салу. Біз екі-үш күннен бері көң салып жатырмыз (Қост., 06.).