зат. 1. Сұйық зат қайнағанда, шайқалғанда көпіріп бетіне шыгатът жеңіл нәрсе. Жер жүзін қан басқанда, К ө б і г і шығып аспанға, Жын жолдас боп адамға, Туралық, теңдік ұмытылып (М.Жұмабаев, Шығ.). К ө б і г і н алып, уыз етті шымырлатып баптап қайнатып, енді бір қазанның басында қатындар палау басып жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.). Көршіқолаң әйелдердің бірі шай демдеп, бірі қазанның к ө б і г і н алып жатыр ( С.Мұратбеков, Жабайы.). 2. Малдың аузынан көпіріп шығатын сілекей. Кебенек болған ешкінің аузынан к ө б і к ағып, бүкірейіңкіреп тұрып, бақырып-бақырып өліп қалады (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.). Торы аттың аузының к ө б і г і Құрымбайдың жібек көйлегінің әр жеріне ақ таңба салыпты (Б.Майлин, Шығ.). 3. Ағын судың бетіндегі ақ түсті көпіршік. Ақ Еділ, түсіме енген ақ шабыттай, А қ к ө б і к толқындары ақша бұлттай. Бозарып боз тұманнан кей кездерде Жатады жағасында тас мамықтай (С.Мәуленов, Алыс к ет. ). Мен суға сүңгігенде, ақ к ө б і к шықса, жақсы болғаны (Қаз. ертег.).