КӨБІКТІ

lat: KÓBİKTİ

сын. Көбігі бар, көбіктенген. Қара қасқа атты Қамбар-ай, Қара атыңда жал бар-ай; Біздің үйге түсе кет, К ө б і к т і саумал іше кет (Қамбар батыр). К ө б і к т і күміс бір селмін, Кетер сені сел соғып, Сасықты сендей басармын, Басыл, жаным, көпірме (М.Жұмабаев, Шығ.). Тұрмыс дауыл тербетеді кемені, Не көрсе кемедегі көнеді; Арпалысқан ақ к ө б і к т і теңізден Әлде шығад, әлде батып өледі (М.Хакімжанова, Таңд.). Алатау да, оның етегіндегі тұнған алма бақ та, ақ к ө б і к т і буырқанған Бүргендінің суы да сен екеумізге қызыға қарап, тамашалап тұрғандай (Ш.Құмарова, Қос шынар).