КӨБЕЛЕ

lat: KÓBELE

ет. Жағалап жүру, жиектеу. Қасқыр қырдың астын к ө б е л е п, басқа отарға ойысты (Қ.Әжікеев, Саят). Керей, қайда барасың, Сырдың бойын к ө б е л е п? Сен қашсаң да, мен қойман, Арғымағым жебелеп (Үш ғасыр.). Күн төбеден ауғанда, Жаудың тобын қашырды; Балқаш көлін к ө б е л е п, Талай белден асырды (К.Әзірбаев, Шығ.). Мұны естіп батырлар, Қаптай атқа мінеді. Буырқанып, бұрқанып, Қаруын бойға іледі. Ат-тұрманын беріктеп, Тәуекел деп жүреді. Тау мен тасты к ө б е л е п, Ну орманға кіреді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).