халық түсінігінде киелі деп саналған аққу құсының балапаны. Дәстүрлі түсінік бойынша, аққу әсемдіктің, сұлулықтың, пәктіктің символы ретінде бейнеленеді. Сонымен бірге, қазақ тілінде аққудың топшы-сындай, аққудың үніндей, аққудың көгілдіріндей, аққудың мамығындай, аққудың сылануындай тәрізді әртүрлі тұрақты сөз орамдары бар. Мұңдағы аққудың көгілдіріндей деген сөз орамы бала тәрбиесінде баланы еркелету мағынасында қолданылады.