дәстүрлі ортадағы қасқырдың арланына қатысты айтылатын эвфемистік атау. Халық түсігінігінде өзгелерінен бөлектеніп тұратын ірі денелі, шоқтығы биік,үйір бастаған, өте батыл сияқты қасиетімен ерекшеленетін арлан қасқырды – көкжал деп атайды. Мұндай қасқырларды көкжал деп аталуының себептері туралы түрлі пікірлер кездеседі. Ел арасында «мықты да айбарлы қасқырдың желкесінен жонына дейін созылған жалы болады, сондықтан оны көкжал қасқыр деп атайды » деген түсінік бар. Сонымен қатар жылқыны жығып жеп, қойды арқалап әкететін әккі мықты бөріні қазақта « көк жалды бөрі » деп айтудан көкжал бөрі және көкжал деген атау қалыптасқан дегенпікірлер де кездеседі. Өйткені қазақта жал, жалдылық – мықтылықтың, күштіліктің, белділіктің белгісі болыпсаналады ( жалды айғыр, жалбас ат ). Көкжал – айбындылық,батылдық, өжеттік, өктемдік және кейде озбырлық сияқты қасиеттерді білдіретін ұғым ретінде қалыптасқан. Осыған сәйкес қазақта батырлардың ішіндегі өзгеше бітімді,белдісін көкжал деп атау кездеседі. Дәстүрлі түсінікте әрі айлакерлік пен қайратттылықтың символына айналған бөрінің арланына теңеу ер азаматтарға да қатысты айтылған. Батырлардың ерені тотемге айналған бөріден қуат алады және оның белгісі ретінде арланның жалы тәрізді белгі болады деген сеніммен байланысты. Ертеде қол бастаған батырлардың арасынан асқан айлакер,айбарлы, әрі ерен жүректісіне көкжал деген лақап ат қосарланып айтылды. Мәселен, ХVIII ғ. қалмақтарға қарсы күресте атышыққан Барақ сұлтанды ел арасында « көкжал Барақ » депатаған. Ел арасында Бөгенбай батырдың « желкесінен төмен созылған қара жалы болыпты » деген аңыз да сақталып қалған. Ондай жалды бөгдеге көрсетсе күші қайтатындықтан ешкімге көрсетпеген екен деседі. Бұл – әрине, аңыз. Бірақ аңыздың өзі Бөгембай батырдың жаугершілік замандағы ерен ерліктерін, жаужүрек батырлығын, алапат қайратын бүкіл ел-жұрт болып мойындағанын, һәм шексіз құрметтегендігінің белгісі болып табылады. Сол сияқты жауға атойлап шабатын ерлерді көкжалдың ерені, абадан деп атағандығы жыраулар поэзиясында кездеседі.