зат. Қалың көкмайса, шөп, шалғын. Ауылдың қонған жері к ө к о р а й, сондықтан малдың бәрі ауылдың қасында ( С.Шарипов, Бекболат). Бір топ әйел асханадан шықты да, көлеңкедегі к ө к о р а й д ы жапыра, алқақотан отыра қалды (Б.Майлин, Шығ.). К ө к о р а й ғ а қонғанда, Қозылар ойнар дүркіреп. Жаздың күні болғанда, Жаңбыр жауар күркіреп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Май туа к ө к ор а й ғ а қонған елім, Ақ орда, қара саба, сыртта желім. Төрт түлік еркіменен тыраңдайтын, Қойыны кең, көз жетпейтін сары белім. Ең ауыр, ауыр қотан, ақтылы қой, іздеген салтанатым осы менің (С.Торайғыров, Алаш ұраны).