зат. этн. Бауыздап, ішек-құрт алған малды (көбіне ешкі, лақ) ат үстінде тартысатын ұлттық сайыс. Соғыс бітті. К ө к п а р тартты жігіттер, Жұрттың бәрі жақсылықтан үміткер (Т.Молдағалиев, Қош.). Ат шабыс, к ө к п а р тарту жұма сайын, Танисың айтқызбайақ кедей, байын (И.Байзақов, Құралай). Қобыланды батыр к ө к п а р тартып, аударысып ойнаушы емес пе еді (Ә.Бөкейханов, Шығ.). Жабыла кергілессе, апасы тірілетіннен жаман ауылдың біткен еркек, әйелі к ө к п а р ғ а тартқан серкедей созғылап, илеп, жұлқылап, керіп, әбден есеңгіретіп, әлсіретті (Ж.Аймауытов, Шығ.).