КӨКТЕМГІ

lat: KÓKTEMGİ

сын. Көктем кезіндегі. Көлдерін көптен көрмеген К ө к т е м г і қаздай оралып, Аулыма тартып мен келем, Ақ жібек бұлтқа оранып (С.Жиенбаев, Алтын қалам). Мынау к ө к т е м г і ауаға, сонау көгілдір бақытқа мәз болғандай ырғала басады (Т.Ахтанов, Боран.). Мәлік демалып жатқан кезде, Раушан ыдыс-аяғын жинады да, есікті білдірмей жауып, кеңсесіне барды да, к ө к т е м г і егістің жоспарына үңілді (З.Шашкин, Сенім). Арнасынан тасып шығып, құйылатын сайларға, Сөйтіп жұртты қалдыратын әрі-сәрі ойларға, Ерке және қызба тілмен сөйлеген, Қайсар, тентек к ө к т е м г і өзен секілдімін кейде мен (М.Шаханов, Ғасырлар.).