КӨЛІК

lat: KÓLİK

зат. <нем. Transports 1. тех. Жолаушыларды немесе жцкті бір жерден екінші жерге жеткізетін қатынас құралы, мәшине. Екі к ө л і к т і ң бірін таңдауды жер иелері өз ықтиярымызға салды: бірі автомашина, ...бірі самол ет. Биыл М.Тынышбаев атындағы К ө л і к және коммуникация академиясына мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен еді («Ана тілі»). К ө л і г і м д і бірдемеге ұрып алмасам жарар еді дегендей, үнемі сақтық істеп, екі көзін жол бойынан бір алмайды (І.Есенберлин, Қатерлі.). Анасы Дәулетке: «К ө л і к тауып, құрымаса жарты жолға апарып салдағы», деді. Дәулет «к ө л і к қайнап жатыр, біреуіне ілігер» деді де, түс қайта жұмысына кетті (Ә.Сараев, Қараша.). 2. Әртүрлі жұмыс пен жол қатынасына пайдаланылатын мал. Жауынбай аға, бүгіннен бастап жұмыс к ө л і г і н е сіз жауаптысыз (Б.Майлин, Шығ.). Бұрын қала көшелеріндегі басты к ө л і к түйе немесе ат жеккен арба болса керек (Ә.Нұршайықов, Алтын.). Ол тоғайдан колхоздың ұста дүкеніне көмір жағуға келуші еді. К ө л і г і мүйізі абажадай, дөңкиген үлкен арық қызыл өгіз (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Сере, сере, сере қар, Асты кілең, үсті мұз. Күн-түн қатса жібімес, Мен к ө л і к к е қосымды артқамын, Көмбідей ару жаларға Күректей мұзды тоңдырып, Кірмембес ауыр қолға бас болып, Күңіреніп күн түбіне жортқанмын (Доспамбет жырау).